АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Бізге Ернар Айдардың сүрініп қалғаны маңызды» — Қыдырәлі Болманов лотерея туралы[:]

[:kz]

«Желмая» жобасында қонақта болған әнші, продюсер, «Қазақстан Жастар одағы» сыйлығының, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Қыдырәлі Болманов сұхбатын әншілердің жаппай лотерея ойнатуынан бастады, деп жазады baq.kz.ке сілтеме жасаған 

Skifnews.kz ақарат порталы

«Көп жағдайда бір нәрсенің шеті шықты ма, жабылып соны талқылап кетеміз. Лотерея ойнатудан басқа елімізде проблема жоқ сияқты. Мысалы, елорданың маңдайына қадалып тұрған «Astana LRT» көлік жүйесі бар. Не оны алып тастай алмаймыз, не өзгертіп, айналдырып қоя алмаймыз. Миллиардтаған ақша шығын болды, ескерткіш болып тұр қазір. Бірақ, бізге ол маңызды емес, бізге Ернар Айдардың сүрініп қалғаны маңызды. Кім сүрінбейді? Қателеспеген, алданбаған адамды көрсетші? Ниетіміз ақ адал болатын болса, неге аудан-ауданда казино ашып тастадық? Ернарды бауырым ретінде қолдаймын. Жас баланың байқаусызда шалыс басқан қадамын әлі талқылап келеміз. Хайп керек бәріне. Журналистер айтқыш, жазғыш болса, ұрланып жатқан миллиардтарды неге айтпайды? Айтылған күннің өзінде неге бір бұрышын ғана айтып, Ернар Айдардың жағдайы сияқты жалпыға жайылып талқыланбайды?, – дейді продюсер.

Сондай-ақ ол елдегі төтенше жағдай кезінде кәсіпті қалай сақтап қалу керек екенін айтты.

[:]