АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Блогер Дәулет Мұқаев көпбалалы ананың тұсауын кесті[:]

[:kz]

 

Естімеген елде көп! Блогер, экономист Дәулет Мұқаев (@dauletten) көпбалалы ананың тұсауын кесті. 36 жастағы келіншек сүріне беретінін айтып, блогерге өтініш жасаған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше оқиғаны Мұқаев Instagram парақшасында баяндады. 

«Самал есімді 36 жастағы оқырманым тұсауымды кесіп берсеңіз деп өтініш жасады. «Әзілдеп тұрсыз ба?» — десем: «Жоқ, мен сүріне беремін, тұсауым кесілу керек», — деді.

Қарағандыда 28 жастағы қыз сұрағанда ыңғайсызданып, кескен жоқпын. Бұл жолы Самал ханым сұрағаннан кейін, тұсауын кесейік. Ақ жол енді, сүрінбеңіз», — деп тілек білдірді блогер.

Мұқаев, сонымен қатар, әйелдің баласының да тұсауын кескен. 

[:]