[:kz]
Отандық танымал блогер Дәулет Мұқаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан мемлекеттік награда алды. Мемлекет басшысы оған «Ерен еңбегі үшін» берілетін төсбелгіні тақты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дәулет Төлеутайұлы ел президентінің қолынан ерекше марапатқа ие болғанын Instagram парақшасында хабарлаған. Ол бұл қуанышымен барша оқырмандарымен бөлісіп, мемлекеттік жүлдеге қатысты ойын жеткізді. Белгілі блогер 28 жасында осындай деңгейдегі марапатты иелену өзі үшін үлкен мәртебе екенін айтты.
«Сүйінші! Тәуелсіздік қарсаңында Президент қолынан “Ерен еңбегі үшін” деген мемлекеттік награда алдым. 2 жылда мыңдаған адамға баспанаға бағыт берілді. Бұл үлкен еңбек! 28 жасымда осындай мемлекеттік награда алу мен үшін мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Бәріңізге рақмет! Білім бізді біріктіреді» ,- деп жазды ол.
Сонымен қатар, Дәулет Мұқаев қандай іспен айналысса да оны марапат алу үшін ешқашан жасамағанын алға тартты.
Блогердің айтуынша, еңбек жолындаонвң жетістігін көре алмай, жолын жапқысы келетін адамдар да бар. «Бойымды кернеген мақтаныш! Мен өзі эмоциямды сыртқа шығарып, айқайлап, секіріп, жылап жіберетін адам емеспін. Көп нәрсе ішімде тулап жатады. Эмоциямның барлығы ішімде. Қандай да бір іс жасасам да, марапат үшін жасаған емеспін.
Ішімнен Аллам бәрін көруші, білуші деп жүре беремін. Қызғанып, жолымды жапқысы келетін адамдар барын жасырмаймын. Бірақ, аққа құдай жақ. адамды өсіретін де, өшіретін де халық. Бағана Ақорда алдына 500 метр жетпей тұрған полициядан бастап, Ақорда ішіндегі қарапайым қызметкерге дейін менің оқырманым екен.
Бәріңізге Алла разы болсын. Бұл марапат мен үшін жауапкершілік. Ең жасы да мен. Осы кезге дейін Баспанаға бағыт. Бизнеске бағыт деп келдім… Жиі айтып жүрген «әрекетке берекет» деген сөзім 1 миллион қазақтың ұранына айналды. Енді, 2021 жылдан бастап, тағы 1 бағыт қосылады. Ол — білімге бағыт. Білімдінің күні жарық» , — деп жазды блогер.
[:]