АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Блогер ресейлік әншілерді «Қайрат Нұртастың әнін ұрлаған» деп айыптап отыр (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Ресейлік блогер Сергей Пичугин TikTok желісіндегі парақшасында NILETTO мен Zivert есімді әншілер Қайрат Нұртастың әнін ұрлады деп күдіктенетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Блогердің пікірінше, ресейлік әншілердің Fly 2 атты жаңа трегі Қайрат Нұртастың «Алматының түндері-ай» әнінің музыкасына қатты ұқсайды екен. Бұл әнді қазақстандық әнші Нюшамен бірге орындаған болатын.

Бірақ Қайрат Нұртас әзірше бұл мәселеге қатысты пікір білдірген жоқ.

sn.kz

[:]