АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Блок-бекетте көз жұмған полицейдің жары күйеуіне жантебірентерлік жазба арнады [:]

[:kz]

 

Алматы қаласына кіре берістегі блок-бекетте көз жұмған полиция қызметкері Дастан Абдықановтың жары күйеуіне арнап әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

«Сәлем, сүйіктім. Анау өмірдегі жағдайың қалай? Сен қазір менің дауысымды естимісің? Менің жанарымдағы жасты көріп тұрсың ба? Жаным кешірші мені. Мен соңғы күшіме дейін күресіп жатырмын. Сені бұрынғыдай құшақтай алмаймын. Көзімнің алдымда елесің тұрады. Сен менің қалай күресіп жүргенімді көретін шығарсың. Әр күн сайын мағынасыз өмір сүріп жатқандаймын. Әрі қарай өмір сүруім мәнсіз сияқты. Сенен айрылған күні өмірдің барлық әдемілігін жоғалтқандаймын. Сенсіз өмір сүретінімді маған ешкім ескертіп, айтпады. Жарық дүниеде ештеңеге келіспес едім. Мен үшін сенің бұрынғыдай қасымда болғаның, қиындық пен аурулардан жақсы еді. Сен менің қасымда боламын деп уәде бергенсің. Қолымнан мықтап ұстап, жібермегенсің. Біз барлығын бірге жасайтын едік. Көбісі біздің бақытымызды қызғанатын. Біздің отбасымыз үшін бұл намыстың мәселесі. Сенсіз алдыға жүре алмайтындаймын. Біз екеуміздің махаббат естеліктеріміз ғана қалды… Келесі өмірде біз бірге боламыз деп сенемін….», — деді Динара Instagram желісіндегі парақшасында. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Привет, любимый мой Как ты там в мире другом Ты сейчас слышишь голос мой И видишь слезы на глазах моих Прости любимый Я бьюсь из последних сил. Не могу обнять тебя как прежде. Перед глазами стоит силует твой. Ты Наверное видишь как я борюсь Каждый день с этой пустотой В душе нет смысла продолжать дышать Наяву все краски дней потеряла я. Мне не сказали, меня даже не предупреждали что я буду жить без тебя Не за что на свете не согласилась бы я. Лучше бы трудности и боли, но рядом бы ты был, как прежде. Ты же мне рядом быть обещал Крепко за руку меня держал не отпускал Мы все всегда делили вместе, Многие завидовали нашему счастью. Наша семья это дело чести Без тебя нет того чему мы шли Остались только воспоминания нашей любви….. Надеюсь в следующей жизни мы обязательно будем вместе?

Публикация от Dinara (@dinaraaman.k)

Айта кетейік, екі полиция қызметкерінің өмірін қиған жол апаты 25 мамыр таңғы сағат 5.30-да Көксай ауылындағы блок-бекетте болған.

BMW көлігінің жүргізушісі әуелі бетон қоршауға, содан кейін полиция қызметкерлерінің көлігіне соқтығысқан болатын. Көлік ішінде қос бірдей полиция қызметкері отырған. Алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында полиция аға лейтенанты Жалғас Жанғазиев қайтыс болса, оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмған.

:

https://kaz.nur.kz/1859325-blok-bekette-kz-zmgan-policejdi-zary-kjeuine-zantebirenterlik-zazba-arnady.html

[:]