[:kz]
Баян Алагөзова отандық шоу-бизнесте талай қыздың жұлдызын жағып, танымал етті. Елдің түкпір-түкпірін араласа да, талантты қыздарды іздеуден жалыққан жоқ. Бір қызығы, Баян Мақсатқызы өзінің сіңлісі Аша Матайдың дарынды екенін мойындаса да, оны өз командасына қабылдамаған.
Бұл туралы Stan.kz «Еуразия» арнасының «Бір сұрақ» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оның бір ғана себебі бар.
«Аша — өте талантты, керемет қыз. Бірақ КешYou-ге келмейтіні — бойы ұзын емес. Сол бір-ақ нәрсе. Бойы мен сияқты кішкентай», — деп түсіндірді Алагөзова.
Нағашы әпкесінің сөзін Аша да растады.
«Иә, дәл солай. Бойым 157 сантиметр», — деді ол.
Бұл ретте Аша нағашыларымен қоса, өз жұртында да дарынды жандардың бар екенін атап өтті.
«Нағашыларым өнерлі. Елдің алдында жүрген кісілер. Мақтан тұтамын. Дегенмен, әкем жағынан да дарын берілді. Әкем өте дарынды. Әжем де, атам да. Екі жақтан бірлесіп, Аша Матай деген керемет дүние шықты деп ойлаймын», — деп күлді ол.
Stan.kz «
[:]