АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бойжеткен бұрынғы жігітінің тойына келіп, аяғына жығылды (видео)[:]

[:kz]

 

Күйеу жігіт бұрынғы сүйіктісіне айқайлап, оны қуып жібермек болған.

Қытайда үйлену тойының қонақтары тосын оқиғаға куә болды, некеге отыру салтанатына күйеу жігіттің бұрынғы қызы келді. The Daily Mail хабарлағандай, үйлену тойына қалыңдық көйлегін киіп келген бойжеткен тізерлеп отырып, жігітке «маған қайтып оралшы» деп жалынған. Видеодан күйеу жігіт бұрынғы сүйіктісіне айқайлап, оны қуып жіберуге тырысып жатқаны көрінеді, ал мұндайды күтпеген қалыңдық состиып тұрып қалған.

«Ол менің кінәм болды, кешірші мені», — деп айқайға басқан шақырылмаған қонақ.

Ақырында қалыңдықтың шыдамы таусылып, ешкімді тыңдамай кетіп қалған. Куәгерлердің айтуынша, үйлену тойы тоқтатылған. Видео әлеуметтік желілерде жылдам таралып жатыр.

 
 

Дереккөз: Sputnik

 
 
 

 

[:]