АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Боқ тазалайсыңдар!..»: қарақалпақстандық әйел қазақты қорлап сөйлеген (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Дәурен Шыназбеков есімді азамат Facebook-тегі топтардың біріне Қарақалпақстаннан қоныс аударып келген әйелдің жергілікті қазақтың ар-намысына тиетін сөздер айтып жатқан екі видеосын жариялады. Онда әлгі әйел өз байлығына масаттанып, «Қазақстандағы қазақтарға дәретханасын жудыратынын» алға тартқан, деп жазды paryz.kz.

«Қазақтар — бейшара. Мал бағып, зорлық көріп жатады. Құдай сақтасын, біз Қарақалпақстаннан келіп, ешқандай зорлық көрмедік. Шүкір Аллаға! Үйіміз бар. Үш этажды, төрт этажды үйлер салып жатырмыз. Іштерің күйсін, қазақтар!.. Қазақпыз. Қарақалпақстанның қазағымыз», — дейді ол бірінші видеода.

Бұл ретте, сол қазағында «Басқа пәле — тілден», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Семіздікті қой ғана көтереді» дегендей тәубасын танытатын тәмсілдер бар екенін ескермегенге ұқсайды. Ал көпшіліктің ашу-ызасын тудырып отырғаны — оның екінші видеодағы сөздері.

«Жұмыс беремін. Күшті жұмыс! Қазақстанның қазақтарына туалет жууды. Боқ тазалайсыңдар!.. Қазақстанның қазақтары, боқ тазалайсыңдар ма?» — дейді әбден есірген әйел.

Әрине, мұндайда кім үнсіз қалсын, нанын жеп, намысын таптағанына ашынған ер-азаматтар оны тауып алатындарын жазып, желідегілерден мекенжайын сұрастырып жатыр…

 
 

 

 
 
 

[:]