АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]»Боксшыларға ақша таратты»: Артаев пен «Дикий Арман» шулы видеоға қатысты пікір білдірді [:]

[:kz]

 

Желіде «Дикий Арман» лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің Белградтағы әлем чемпионатында өнер көрсеткен отандық боксшыларға ақша таратқан видеосы тарады. Шулы бейнежазбаға қатысты Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Бахтияр Артаев пен Жұмагелдиевтің өзі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Қазір желіде видео тарап жатыр. «Арман не істеп жүр, әлем чемпионатында қайдан жүр?» деген сұрақ та көп. Әлем чемпионатына мен AIBA-ның құрметті қонағы ретінде шақырылдым. Біздің құраманы қолдап, боксшыларымызға қолдау көрсетіп, бірінші орын алу нәсіп етсін деген ниетпен қолымнан келгенше көмектесіп жатырмын. Кеше ұтылған жігіттерге ақша берді деген шу да болып жатыр. Ол — өз қалтамнан берілген ақша. Жігіттердің еңсесі көтерілсін, рухы құламасын деген оймен ұсындым. Алдағы уақытта тағы да жарыстар болады. Жап-жақсы, жап-жас жігіттер бар.

Негізі ұтылған жоқ, ұтты. Төрешілер тарапынан әділетсіздік болған соң жігіттердің көңілі қалып, боксты тастап кетуі мүмкін. Соны тастамас үшін қолдау көрсеттім. Тек жақсы оймен жасалған амал. «Әр қазағым- жалғызым» дегендей, кім болса да, қандай адам болса да, қолдау көрсетсе, біз тек қуанамыз. Бахтияр деген досым, бауырым бар. Екеуміз оқу-жаттығуда бірге болғанбыз. Бүгінде, міне, олимпиада чемпионы. Ол да көмектесіп жатыр. Бар ойымыз — қазақтың намысын қорғау, әнұранымызды күллі әлемнің алдында шырқату»,- деді Жұмагелдиев.

Арманның сөзін қоштаған Бахтияр Артаев барлығы бір елдің мүддесі үшін екенін айтты. «Құрметті отандастар, біздің мақсатымыз бір, көзқарасымыз бір, ойымыз бір: қазақ елінің абыройын көтеру. Бұл — Арман, бұл — Бахтияр деп бөліп-жарудың қажеті жоқ. Бір елдің баласы болған соң бір елдің мүддесі үшін қызмет етуіміз керек. Дұрыс түсініңіздер, дұрыс бағалаңыздар. Федерация тарапынан жұмыс істеп жатырмыз. Арман бауырыма рахмет. Кеше еңсесі түскен жігіттердің арқасын қағып жұбатып, «інілерім» деп құшақтап, сый-сияпатын жасады. Ол азаматтық борышын орындап жатыр.

Әр қазақ бір-бірімізге осылай жанымыз ашыса, еліміз өсіп-өнеді. Өзіміз (еліміз -ред) көздеп отырған мақсатымыз бар. Егер бір-бірімізді жау санап, бір-бірімізді итерсек, ешқашан ел болмаймыз. Ел болғымыз келсе, әрқашан бірге болуымыз қажет. Елге жеңіспен, абыроймен оралайық»,- деді ҚБФ вице-президенті.

kaz.nur.kz

 

[:]