[:kz]
Болат Назарбаевтың «Салиқалы Ұрпақ» қайырымдылық қоры «Қазақстан халқына» қорына 1 миллиард теңге аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі қор сайтына сілтеме жасап.
«Қор басшысы мен ұжым атынан қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың отбасына шын жүректен қайғырып, көңіл айтамыз. Ел үшін осындай қиын шақта біз мемлекет басшысының маңына топтасып, Қазақстан халқына көмектесуге тиіспіз», – дейді қор директоры Қасым Қасабеков.
Еске сала кетсек, қор 2016 жылы құрылған. Әртүрлі салада 1 миллиардқа жуық теңге көлемінде қайырымдылық істер жасаған.
Айта кетсек, «Қазақстан халқына» қорына 13 мыңнан астам өтініш түскен. Жалпы, бүгінде Қорда 115 миллиард теңгеден астам қаражат жинақталған. Қор қызметкерлері қазақстандықтардың қандай мақсатта ақша бөлуді сұрайтындары жайлы айтып берген болатын.
[:]