АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Болат Назарбаевтың қоры мұқтаж отбасыларға «Наурыз» мерекесіне орай азық-түлік себетін таратады (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

 

Науқан аясында Алматы және Алматы облысының аз қамтылған отбасыларына 1 500 азық-түлік себетін тарату жоспарланып отыр.

Көктемнің шуақты мерекесі наурыздың қарсаңында Болат Назарбаевтың “Салиқалы ұрпақ” қоры “Көктемнің мейірімділік қоржыны” атты қайырымдылық науқанын іске қосты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Наурыз мейрамы — табиғаттың оянуы, жердің гүлденуі, тіршіліктің жандануы, бейбітшілік пен береке тасуының нышаны. Осы мейрамның қуанышына ортақтасып отырып, “Салиқалы ұрпақ” қоры “Көктемнің мейірімділік қоржыны” қайырымдылық науқанын бастады. Науқан аясында Алматы және Алматы облысының аз қамтылған отбасыларына 1 500 азық-түлік себетін тарату жоспарланып отыр.

Яғни, Болат Назарбаевтың қорының атынан әр отбасыға ет консервілері, түрлі дақылдар, ұн, май, кондитерлік өнімдер және тағы басқа дүниелер салынған, жалпы салмағы 50 килограммдық үш коробкадан тұратын азық-түлік себеті жеткізіледі.

“Өздеріңізге белгілі, биылғы жыл бізге оңай тимеді. Кыс та суық болды. Бұл қайырымдылық шарасын ұйымдастырғандағы мақсатымыз – қыстан, оның үстіне пандемиядан қиналған отандастарымызға қол ұшын созу”- деді наурызда барша қазақстандықтарға жылы лебізін білдірген “Салиқалы ұрпақ” қорының директоры Қасым Қасабеков.

Естеріңізге сала кетейік, Болат Назарбаевтың ”Салиқалы ұрпақ” қоры үшінші жыл қатарынан “Қайырымдылық – адамгершілік белгісі” атты бір жылдық науқанды атқарып келеді. Халықтың әлеуметтік осал бөлігіне жататын 100 отбасы бір жыл көлемінде қор тарапынан азық-түлік тауарларымен қамтылып отыр.

 

Соның арқасында, қарапайым халықтың қаражатын күнделікті ішіп-жемге емес, өзге де өмірлік қажетті дүниелерге жұмсауға мүмкіндік алады. Қазіргі  таңда қор 1189 адамға 1600-ден астам азық-түлік себетін таратып үлгерді.

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының қызметі туралы толығырақ ақпаратты ресми сайттан оқыңыз. (https://saliqaly.kz/)

[:]