АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Боралдайда екі әйел сабаған қыздың анасы қазақстандықтарға үндеу жасады[:]

[:kz]

 

 

Алматы облысы Боралдай кентіндегі аялдамада екі әйел соққыға жыққан 16 жастағы Камиланың анасы әлеуметтік желілерде үндеу жасады, — деп хабарлайды boraldai.news ке сілтеме жасаған  tengrinews.kz

 

 

«Мен қызымды ұрып-соққан «әйелдерді» танитындарға, олардың жақын туыстары мен ата-анасына үндеу жолдаймын. Сондай-ақ, бүкіл Қазақстан жаңалықтарды көре тұрып, жағдайды білсе де «ештеңе білмейміз» дегендері миға қонбайды.

Әрине, олар кез келген жағдайда табылады. Бұған уақыт керек. Бірақ сіздер оларды ар-ұятқа шақырып, полицияға өз еркімен келуге немесе олар тұратын жер туралы хабарлай аласыздар. Олардың ата-анасына арнайы өтініш айтамын: көп адам қызыма берген тәрбием үшін мені сөгеді. Бірақ сіздің ересек қызыңыз аялдамада тұрған баланы ұрып-соғып, жалынғанына назар аудармай, басынан қан аққанына қарамай, әдейі темірге ұрған. Олардың анасы қайда? Мен бала тәрбиесі туралы солардан сұрағым келеді.

Мен қызымның тәрбиесіне келгенде ешкімнен жасырынбаймын, бүкіл пікірге жауап беремін және қызым жағында болуға тырысамын. Мен оның әрекеттері үшін жауап беруге дайынмын және қызым не істесе де, бұл мен берген тәрбие екенін білемін. Сондықтан мәселені тек менімен шешіп, балама қол тигізбеуді сұраймын. Олар қайда екенін білетін бәріңізден полицияға хабарлауды сұраймын…», — делінген Гүлмира Жанбекованың үндеуінде.

Бұған дейін Желіде кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан күдіктілер түсірілген сурет пайда болды. Қыздың анасы әйелдерді танитындар болса хабар беруді сұрайды.

 

[:]