[:kz]
4 ақпанда АҚШ президенті Джо Байден Американың сыртқы саясатының негізгі міндеттеріне арналған алғашқы бағдарламалық сөзін сөйледі. Ол алғаш рет ел алдында Ресей билігін дереу Алексей Навальныйды босатуға шақырды, деп хабарлайды paryz.kz Tengrinews.kz сайтын сілтеме жасап.
Америка қайтып келеді. Мен ұлықтау рәсімінде айтқанымдай, біз өзіміздің альянстарымызды қалпына келтіреміз және кешегі мәселелерді шешу үшін емес, бүгінгі және ертеңгі күннің сын — тегеуріндерін жеңу үшін әлем елдерімен қайта өзара әрекеттесетін боламыз», — деп мәлімдеді Байден.
Американың қарсыластары мен бәсекелестері туралы айта отырып, АҚШ президенті Ресейді ерекше атап өтті. Ол халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы маңызды нақты қадам стратегиялық ядролық қаруды қысқарту жөніндегі қолданыстағы АҚШ-Ресей шартын — СНВ-3-ті бес жылға ұзарту мәселесін айтты.
Сонымен бірге, Байден Жаңа американдық әкімшілік «Ресейдің халықаралық аренадағы зиянды қызметін» және оның халықаралық міндеттемелерді, соның ішінде адам құқықтары саласындағы міндеттемелерін бұзуын жауапсыз қалдырмайтынын атап өтті.
Мен президент Путинге бұрынғыдан өзгеше түрде жұмыс жүргізілетінін, Америка Құрама Штаттары Ресейдің агрессивті әрекеттеріне, біздің сайлауларымызға араласуға, кибершабуылдарға, өз азаматтарының улануына қарсы емес болған күндердің өткенін айттым. Біз Ресей үшін шығындарды көбейтуден тартынбаймыз және біздің халқымыз үшін маңызды мүдделерді қорғаймыз.
Біз бір коалицияда және басқа пікірлестерімізбен үйлестіре жұмыс істеген кезде Ресеймен қарым-қатынасымыз тиімдірек болады. Алексей Навальныйдың саяси себептер бойынша түрмеге қамалуы және сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарға құқығын басу бізде де, халықаралық қоғамдастықта да үлкен алаңдаушылық тудырады. Навальный мырза, барлық Ресей азаматтары сияқты, Конституцияда қарастырылған құқықтарға ие. Ол сыбайлас жемқорлықты ашқаны үшін жазаланды. Ол дереу және сөзсіз босатылуы керек», — деді Байден.
Сонымен қатар, Байден АҚШ босқындарды өз еліне қабылдауды арттырады, коронавирустық пандемия және климаттың өзгеруі сияқты жаһандық сын-тегеуріндерге қарсы күресте американдық көшбасшылықты қалпына келтіреді деп сендірді.
[:]