АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Бояп тастаған»: Тоқтар Жақаш Мұхамеджан Тазабекке қатысты тағы бір жалғандықты әшкереледі[:]

[:kz]

 

Ол Мұхамеджан Тазабековтің  Дінмұхамед Қонаевпен түскен суретіне қатысты жазбаны желіде жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

«Мұхамеджан Тазабековтың көпшілік алдындағы сөзіне қарасаң — күнәсіз періште дерсің. Ал елдің көзін бақырайтып қойып, алдап жүргені мынау!

Қонаевпен бірге түскен суретте Абай Ескендиров те бар еді. Муха осы суретті парақшасына қоярда Абай досын светильник- торшерге айналғанша бояп тастапты! Сөйтіп, беті бүлк етпестен «бұл менің жеке барғанда түскен суретім» депті. Екі суретті салыстыра отырып, өйтіп айтуға беттің қанша елі қалың болу керектігін өзіңіз ойлай беріңіз! Оның үстіне бұл суреттің оригиналы біреу-ақ Ол Абайдың үйінде тұр. Мұхамеджанда оригиналы болған емес! Мына суреттің көшірмесін Муха Абайдың інісінен алып, бояп тастаған.

 

Елдің көзін бір суретпен бояп, алдап отырған адамнан тұтас ұлтқа жақсылық күту де ақымақтық!

Айтпақшы, бұл сабазың «Асыл арнаны» техника, архивімен қосып Діни басқармаға өткіземіз» деген уәдесінде де тұрмапты! Сөйтіп жүріп, Тұрсынбек Қабатовтың қорғаушысы болып шыға келіпті ғой! — деп жазды ол.

[:]