[:kz]
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел facebook парақшасына Елжан Біртановтың Денсаулық сақтау министрі болған 3 жылдың ішінде шашы айтарлықтай ағарып кеткенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Денсаулық сақтау министрі. Алғашқы сурет 2017 жылы түсіріліпті. Екіншісі – жуырда» деп жазған ол. Ал желі қолданушылар оған әртүрлі пікір білдіруде.
«Бұл да ет пен сүйектен жаралған жан ғой. Оның үстіне, қазіргі жағдайда жүрегі бар жан болса, ойланады ғой», «Шаш боятуға уақыт жоқ», «Жаным ашиды ол кісіге», «Оңа емес, әрине», «Тәуір министр, негізі. Қиын кезге тап келді», «Білім, денсаулық және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшыларына қазіргі жағдай оңай тиген жоқ деп ойлаймын», «Шашын ағартыппыз ғой» деп жазысып жатыр бәрі.
Тіпті, Гүлнар Исмағұлова есімді кісі көпшілікке: «Білімді, әкесінің жолын қуған текті азамат екені көрініп тұр ғой. Адамға адамның жағуы мүмкін емес, қиындықтан аман шығуды тілейік бірлесіп. Кейін жамандап, даттап үлгересіңдер, аман қалсақ. Мақтауға жарысайық әуелі», — деп «ақыл айтып» тастады.
[:]