[:kz]
Серік Хасенов өз facebook парақшасында мешітке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Бөжәйләр мешітте жүр…
Ресейдің Кеңес Одағынан қалған ескі артелериясы сияқты түкке жарамсыз адамдар топырлап, бір-бірін көріп мәз. Қаңтардан кейін тірі қалғандарына риза болып көрісіп жатқан түрлері шығар…
•Өзбекстан 2000-ға жуық мешіт (35млн халық)
•Қазақстан 4000-ға жуық мешіт (19млн халық)
Жақында Өзбекстанда газ өңдейтін зауыт ашылады…
Қазақстанда жаңа мешіт ашылып жатыр…
Енді бір 50мың адамдық тойхана салса, Илон Маск өзі бара берсін Марсына…
Мен қазақпын ғой, той тойлап алып жолдан әжетханаға соғып, артынан мешітке барып дәрет алып жалбарынып алсам болды…
Бас аман болсын…
АҚШ пен Еуропа, Қытай мен Жапония аман болсын, инновациялараның әлі қызығын көреміз…
Университеттерде екі-ақ факультетті қалдыруды ұсынамын! Дінтану мен филология…
Уағызшылар мен тамадаларға қол соғып отыра берейік…”,- деп ашуын білдіргендей болды ол өз жазбасында.
[:]