АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер аудан орталығында тұрғындармен кездесті[:]

[:kz]

Жиынды ашқан партияның сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Альберт Аққайнанов:

– Әлбетте, әркез қартын сыйлап, үлкенін қадірлеген елміз.                 Бұл орайда, біздің партия «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» атты жобалар арқылы еңбек және тыл ардагерлеріне қолғабыс жасап келеді. Бұдан бөлек, пандемия кезінде тұрмысы төмен отбасылар мен тыл ардагерлеріне партия бастамасымен 50 мың теңгеден көмек көрсетілді. Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасында да қарттарға қамқорлық жасау мәселесі басты назарда. Соның ішінде жалғызбасты, қамқоршысынан айырылған ардагер аға-апаларымызға атаулы көмек көрсету, зейнетақыны өсіру, денсаулығы нашар егде жастағы адамдарға арналған белсенді өмір сүру орталықтарын ашу сынды бірқатар шаралар жүзеге асырылады, – деді.

Одан әрі сөз сөйлеген партияның сайлауалды штабының мүшесі Мақсот Карин ардагерлерге қамқорлық жасау жолында «Nur Otan» партиясының еңбегі зор екендігіне тоқталса, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Есенбай Нұров пен Сайлаубек Темірғалиев ауданның ауылшаруашылығы саласын көтеру, өр суының тасымауы және тағы да басқа бірқатар мәселелерді қозғады. Жиын соңында тұрғындар партия бағдарламасына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

[:]