[:kz]
Алматы облысы Жаркент қаласының тұрғыны базардан тауық грилін сатып алып, күтпеген “тосын сыйға” тап болды, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдің түсірген видеосы әлеуметтік желіде тарады.
“Кеше мен гриль сатып алдым, біреуін базардан, екіншісін Арзан дүкеніне (базар) қарама-қарсы жерден. Міне, ішінен не шықты, айтарға сөзім жоқ… Халқымыз не жейтінімізді және ақшамызды не үшін құртатынымызды білгенін қалаймын! Бұл адамдар Алладан қорықпайды! Тағы қанша адам сатып алғаны белгісіз», – дейді ол.
Кадрлардан тауық етінде құрттардың жорғалап жүргенін көруге болады.
Кейін әйел қай жерден алған грильден құрт шыққанын білгенін айтады. Базардағы саудагерлер бір күн бұрын пісірілген тауық етін ысытып бере салғанын мойындаған. Екінші сауда орнына ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізеді.
Видеоға Алматы облысы Панфилов аудандық санитария-эпидемиология бақылау басқармасының баспасөз қызметі жауап берді.
«Панфилов аудандық санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасы жазбаны назарға алды. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады. Мұндай фактілер анықталған жағдайда мекенжайын, дүкен атауын және жеке байланыстарын көрсету қажет», – делінген ведомство хабарламасында.
[:]