АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Бұл – Ресейдің тарихи Отаны!»: көкшетаулық казак еркінси сөйледі (ВИДЕО)[:]

[:kz]

 

Ресей Думасының депутаттары бастап, оларды өз ішіміздегі жақтастары қостап, қазақтың атақонысына көз аларта бастағандары жақсылықтың нышаны емес-ау?!.

Кеше Көкшетау қаласының тұрғыны көшеде немерелерін жетектеп, казак әскерінің киімімен жүрген ер адамды видеоға түсіріп алды. Сол сәтте ескі әскери формадағы ол қазақ жерін Ресейдің тарихи Отаны деп атаған, деп жазды paryz.kz.

Қазір видео Whatsapp желісі арқылы тарап жатыр. Оны түсіріп тұрған қазақ жігіт орыс-казак әскері дәуірін «аңсаған» өзге ұлт өкілін тоқтатып, оның басқыншылар формасында жүргеніне: «Мен қазір көшеде атпен жүрсем, сізге ұнай ма?» — деп кейістік танытқан. Ал немересін жетектеген ер адам: «Еркің білсін. Шыға бер! Мәселе жоқ», — деп жауап береді.

Одан әрі ол: «Түсіндірейін, бұл – біздің тарихи Отанымыз! Біздің бұлай жүруге толық құқығымыз бар», — деп саусақ шошайтты. Сол сәтте «Бұл сенің тарихи Отаның емес! Бүгін 6 қараша…» — дей бастаған видео авторының сөзін бөліп, қайтадан: «Бұл – Ресейдің тарихи Отаны!» — деп нық сеніммен сөйледі.

Әрине, намысқа тырысқан азамат оған: «Ешқашан болған емес, болмайды да! Бұл – Көкшетау! Қазақтың жері!» — деп шыр-пыр болды.

Дегенмен, өз сөзінің «дұрыстығына» күмәні жоқ «казак әскері» жас жігітке мереке қарсаңында немерелерімен жүргенін ескертті де, «солардың көзінше ұрсыспай-ақ қояйық» дегендей емеурін танытып, ілгері жүріп кетті.

Сонда бұл қалай болғаны?! Ресей Думасының депутаттары бастап, оларды өз ішіміздегі жақтастары қостап, қазақтың атақонысына көз аларта бастағандары жақсылықтың нышаны емес-ау?!.

[:]