[:kz]
Белгілі актер, 19 жасында Түркияның үздік моделі атанған Бурак Өзчивит Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» жобасының жаңа қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бурак Өзчивит Қазақстанда екі рет болған. Ол елімізден шынайылық, досты, адалдық байқалатынын айтады және көрсеткен қонақжайлыққа алғысын білдірді. Актер бала кезінде неге Бэтмен болғысы келгенін айтып берді. Оның айтуынша, алға көп арман-мақсат қою дұрыс емес, себебі өмірдің саған қойған өзіндік армандары мен мақсаттары бар. Сонымен қатар, ол қазір түсіп жатқан фильмі, Қазақстан мен Түркияның байланысы, болашақ бірлескен жобалар мен саясат жайлы ойын білдірді. Белгілі актер қазақстандық жанкүйерлерінің сұрақтарына да жауап берді. Сұхбат соңында актер жеңімпазға қолтаңбасын қалдырды.
[:]