АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бүркіт елімізде болып жатқан көп нәрсеге көңілі толмайтынын айтты (Видео) [:]

[:kz]

Танымал әнші Бүркіт «Хабар» арнасының «компромат» бағдарламасында қонақта болып, ағынан жарылды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Ол сұхбат барысында саясатқа қызықпайтынын, араласу ойында жоқ екенін, дегенмен, елімізде болып жатқан көптеген жағдайға ел азаматы ретінде көңілі толмайтынын айтты. Сондай-ақ, өзінің сымбатты екенін және мүсінінің өте жақсы екенін мойындаған Бүркітке журналистер оның қыздарға деген көзқарасы жайында сұрақ қойды. «Тоқал алу мәселесіне қалай қарайсыз?», — деген төтесінен қойылған сұраққа Бүркіт оған қарсы екенін айтты. «Менің ойымша адамға бір әйел жеткілікті. Мен әйелімнің көзіне шөп салмаймын. Ондай әрекетке барсам, екі баламның көзіне қалай қараймын. Оған уақытым да жоқ. «Қазақ байыса қатын алады» деген. Ондайды түсінбеймін», — деді ол. «Жасырмаймын, жас кезімде қыздармен көп жүрдім. Жақсы бардым десем де болады. Бірақ, оның барлығы бойдаққа жарасады», — дейді Бүркіт.

http://qamshy.kz/home/show/13219

[:]