[:kz]
Бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚР ҚҚА баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағаев Маңғыстау облысындағы газ бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар.
«Маңғыстау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады», – делінген агенттік хабарламасында.
Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы және облыс прокуратурасы ұсынған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады.Тергеу жалғасуда.
Айта кетейік, бұған дейін Жұмабай Қарағаев Энергетика вице-министрі қызметінен босатылған еді.
[:]