[:kz]
Халықаралық Түркі академиясына БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы Волкан Бозкыр арнайы келді.
Мәртебелі мейманды Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі қарсы алды.
Түркі академясының кітапханасымен және ондағы мол кітап қорымен таныстырған Академия басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасына ұйымның жұмысы туралы кең мәлімет берді.
Өз кезегінде көрнекті дипломат Волкан Бозкыр Академия басшысы Дархан Қыдырәлімен көпжылғы таныстығын жоғары бағалап, түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда Академияның айрықша маңызды ұйым екеніне тоқталып, атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірді.
БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасының Түркі академиясына арнайы келуі түркі интеграциясының әлемдік аренада беделі өсіп келе жатқанын көрсетеді.
Академия басшысы мейманға арнайы құрмет көрсетіп, Түркі академиясы жарыққа шығарған бағалы басылымдарды тарту етті.
[:]