АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Былжырап жатыр»: Нұр-Сұлтанда 27 жастағы жігіт үйленгелі жүрген қызынан қалай жиіркенгенін айтып берді[:]

[:kz]

Бағжан биыл күз айында үйленемін деп шешім қабылдапты.

Нұр-Сұлтанда 27 жастағы Бағжан сөз байласқан қызынан 1 күнде қалай бас тартқанын айтты. Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. 

Бағжан биыл күз айында үйленемін деп шешім қабылдапты. 

«Менің отау құрғалы жүргенімді жақындарым жақсы біледі. Той болмайтын болды. Себебін айтуға да жасырмаймын. 

Қызым алғашында жақсы еді. Бірде достарымызбен тауға барарда оны да алып кеттім. Түн ауа жеттік. Ертесі таңертең қыз-қырқын біз шыр ұйқыда жатқанда тамақ әзірлеп, дастарханды жайнатып қойыпты. Мәз боп, жандарына барсам менің қызым жоқ. Былжырап жатыр ұйықтап. Бір жағынан жиіркеніп, бір жағынан жерге кірейін деп ұяттан жұрдай болдым.  

Содан кейін одан дұрыс әйел шықпайтынын білдім. Дереу айттым осымен бәрі бітсін деп»,  – деген жігіт ауылдың үй шаруасын а жақын қыз іздейтінін айтты. 

 

Skifnews.kz 

[:]