[:kz]
Әлеуметтік желіде тарап, ел арасында шу тудырған бюллетеньдерге қатысты видео Алматыда түсірілмеген болып шықты деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның хабарлауынша, бұл тұжырымның анық-қанығын анықтау үшін мектепке бір топ белсенді барған. Олар оқиға орнынан тікелей эфир жүргізген.
Анықталғандай, мектеп аумағында үш сайлау бөлімшесі ашылған. Олардың бірі спортзалда орналасқан.
Бейнежазбадағы кадрларға қарап, видеодағы залдың №186 мектептегі залдан айырмашылығы бар екенін аңғаруға болады. Қабырғада Олимпиада чемпионының суреті жоқ, ал сайлаушылар кабинкасындағы пердешелер мүлде басқа.
Мектеп аумағында орналасқан №516 сайлау бөлімшесінің төрағасы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Көріп тұрғандарыңыздай, біздің залда терезелер мүлде басқаша, Ольга Шишигинаның портреті жоқ. Ұқсамайтын тұстар өте көп. Бізде мұндай заңбұзушылық болған жоқ» , — деді Зухра Сихмбаева.
Айта кетейік, бұған дейін ОСК бюллетеньдерге қатысты видеоны зерттеуге уәде бергенін хабарлаған болатынбыз.
[:]