[:kz]
Қазақ Құдайдан «қорықпаса» да соттан қатты қорқады. Өйткені қазақты сорлатып келе жатқан заң, құқық саласындағы орган – осы сот. Қазақтың судьялардан, соттан көңілі әбден қалған, соттың әділдігіне сенетін қазақты саусақты бүгіп отырып қана санауға болатын шығар. Көбі сенбейді. Неге? Өйткені, соттың көлеңкелі жағы көп. Сотқа дейінгі істің жүргізілуі де бір жақты. Бір жақты жүргізілген істің ақ-қарасын ашып бере алатын Абзал Құспан сияқты азулы адвокаттар да некен саяқ. Сөздің турасына көшсек, сотта ашықтық жоқ. БАҚ өкілдері сот отырыстарына қатыса алмайды. Сыртта жүреді. Осы ретте өз басым президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сот органдарының жұмысын ашық ету туралы ұсынысымен толық келісемін. Әсіресе, сот жұмысын бұқаралық ақпарат құралдары үшін ашық ету керек. Сонда судьялар БАҚ өкілдерінің сот отырыстарына кіруін шектей алмайды.
Бұған қоса, муниципалды деңгейдегі судьяларды сайлау мәселесін де қарастыру керек сияқты. Бұл сот жүйесі мен халықтың арасындағы кері байланысты күшейтіп, сенімді арттырады. Ең бастысы – судьялардың шешім шығармас бұрын қоғам мен заң алдындағы жауапкершілігін күшейтеді.
Пысы: Сайлауыңыз да әне-міне, өте шығады. Біздікі сайлаудан кейін де өмір бар, содан кейінгі мәселелерге де көңіл бөле жүрейік дегенге саяды. Солай емес пе?
facebook.com парақшасынан
[:]