[:kz]
Коронавирустың таралуына қарсы күрестегі халықаралық күш-жігер мен ынтымақтастық шеңберінде ҚХР Үкіметі жолдаған медициналық гуманитарлық көмектің кезекті партиясы бүгін Алматы қаласының халықаралық әуежайына жеткізілді. Оның ішінде OVID-19-ті анықтауға арналған 50 мың тесті бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Жүк құрамына COVID-19 індетін анықтауға арналған 50 мың тест-жүйелер, сондай-ақ 70 мың қорғаныс көзәйнегі, 150 мың медициналық қолғаптар, 1000 — түйіспесіз термометрлер, 30 мың қорғаныс костюмдері мен 600 мың маскалар кірді.
Қорғаныс құралдары медициналық мекемелер мен ұйымдар арасында таратылады.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ҚХР Үкіметіне жаһандық пандемия жағдайында ұсынылған гуманитарлық жүк үшін ризашылығын білдіретінін атап өткен. Өз кезегінде қытайлық әріптестеріміздің игі әрекеті Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға деген бекемдігін көрсететінін атап өтті.
[:]