АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Далада жаурап отырған бүлдіршінің фотосын түсіріп, таратқан қызды жатақханадан шығармақшы[:]

[:kz]

 

Далада жаурап отырған қыздың фотосын түсіріп, желіде таратқан қызды жатақханадан шығарып жіберуі қауіпі төніп тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Динара Сатжанға берген сұхбатында жас қыз өз ісіне өкінетінін айтқан. Бірақ ол бүлдіршін үшін алаңдағанын, егер әрекет етпесе,  балаларға қауіп төнеді деп ойлағанын айтады. 

Сондай-ақ, анасының қызын неге дала шығарып жібергені де анықталды. Белгілі болғандай ол көршінің затын алғаны үшін осылай жазаланған. 

Анасы істеген ісіне қатты өкінеді және барлығы қатты шаршағаннан екенін айтты. 

«Айжамал өз ісіне қатты өкінеді. Мен оған сенемін. Ата-ана құқығынан айыруға болмайды! Ол үшін бұл үлкен сабақ … Ата-аналар осы жағдайдан ой түйсе екен.  Балаларға қамқорлық пен жылулық қажет. Олар ата-аналарды жақсы көреді. Бәрі де жаман емес», — дейді Динара Сәтжан.

 

 

[:]