[:kz]
4 қала тұрғыны банк картасынан ақша ұрланғанын айтып, полицияға шағымданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында 22 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Ол қаладағы көңіл көтеру орындарының бірінде даяшы болып жұмыс істеп жүріп, қонақтар POS-терминалдың көмегімен төлем жасаған кезде олардың банк картасынан реквизиттерді алып қалып отырған. Әрі қарай осы реквизиттерді қолданып, интернет-банкинг арқылы ақша ұрлаған», — делінген полиция ақпаратында.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазір ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі 4-тармғы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті азаматтарды абай болуға шақырады.
Алаяқтық әрекеттерден күдіктенсеңіз, мына нөмірлерге хабарласуға болады: 8(7172)71-62-91 немесе 102.
[:]