АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Дәмханадан көрген»: Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалған өрт сөндірушіге қатысты жаңа дерек шықты[:]

[:kz]

 

Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған жарылыстан кейін өрт сөндіруші Бауыржан Дәуітбаевтің із-түссіз жоғалып кеткені белгілі. Ол қайтыс болғандардың тізімінде жоқ, оқиға орнынан әйіті де табылмаған. Жақындары табылады деген үмітпен оны әлі күнге дейін іздестіріп жатыр. Өрт сөндірушінің жұбайы Ділназ Дәуітбаева іздестіру жұмыстары жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Экспресс-К» басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Бұған дейін таудан іздедік. Енді елді мекендерді аралап жүрміз. Себебі Бауыржанды ауылдан көрдік деген бірнеше адам бар.

Мәселен, бір әйел Бауыржанды дәмханадан көрген. Жақындап сұрағысы келгенде, әйелдің жанына ағасы келген. Ер адамды көргенде, күйеуім қашып кетіпті. Оның сөзіне қарағанда, Бауыржан ер адамдардан қорқады», — дейді Ділназ.

 

Айтуынша, бұл деректерді және әйелдің түсініктемесін полиция тіркеуге алған. Тәртіп сақшылары мен туыстары айналаны іздегенімен, әзірге нәтижесіз. Өкінішке қарай, ауыл дәмханасында бейнебақылау камерасы болмаған. Бауыржанның әрі қарай қайда кетуі мүмкін екенін де ешкім білмейді. 

Бұдан өзге, Бауыржаннан хабар жоқ. Алайда жұбайы Ділназ күдерін үзбейді. 

«Қандай да бір ақпарат естісек, қуанып, полицияға жетіп барамыз. Бірақ ілік жоғалған соң, қайтадан ауыр күй кешемін», — дейді әйел. 

Айта кетейік, биыл 26 тамызда Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасы жарылды. Салдарынан 16 адам қаза тапты, ал Бауыржан Дәуітбаев із-түссіз жоғалып кетті. 

[:]