АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дана Нұржігіт Депутаттар Түркия мен БАӘ ұшып кетті, шет елде демалуда деген қауесетке жауап берді [:]

[:kz]

Сенат депутаты, тележүргізуші Дана Нұржігіт әріптестеріне өтініш айтты. Жеке басында көлігі барын ескерткен ол індет уақытында қандай жұмыс атқарғанын тізбектеп жазып берді. 

«Саламатсыздар ма, қымбатты журналист-әріптестер! Бақытжан Төреғожина есімді қоғам белсендісі бастаған топ «депутаттар чартерлік сапармен Түркия мен БАӘ ұшып кетті», яғни шет елде демалып жатыр екен деген қауесетті алға тартып, жаппай «тексеріс» жүргізіп жатыр екен. ЖӨН делік,мақұл! Енді қиын болмаса,қымбатты журналист-әріптестер, мына ақпаратты ортақ чаттарыңызға таратсаңыздар деймін. Күнде екі,үш журналист хабарласып, бір бірінен көшіріп алғандай бірдей сұрақты қайталап қоя берген соң осы хатты жолдауға мәжбүр болып отырмын», — деп жазды ол парақшасында.

Сенат депутаты өз атында қандай жеке көлік барын айта келе, көпшілік алдында есеп берді. Атқарған азды-көпті еңбегін жариялады. 

«Сонымен былай: Мен, Парламент Сенатының депутаты, журналист-Дана Нұржігітпін. Жеке меншік көлігім бар. «Мицубиси asx» 2013 жылғы, қызметтік көлік жеке бір депутатқа деп тіркелмейді,
ортақ көлік паркі бар,сол жерден координаторға хабарласып шақыртуға болады (ТВ де дәл солай еді),
қызметтік пәтерді депутаттық мерзім аяқталғанда тапсырамын.

Менің инста парақшама кіріп,пандемия кезінде атқарған жұмысты көріп шығуыңызға болады.»Еуразия1″ арнасындағы сұхбат тағы бар. Түркиядан кислород аппараттары әкелінді. Сол шарада ара ағайын болдық. Құрбан айтта мал шалып, волотерлармен бас қосып, екі ауруханының дәрігерлеріне ас әзірлеп апарамыз. Дәулет пен Айнұрдың қорымен өткізген шараның екінші кезеңі басталғалы тұр, ол жерде шамам келгенше, аппарат алуға атсалыстым, қаржы қостым. Ол жүк 31-1 қараған түні Алматыға келеді, сондықтан қазір осындамын», — дейді Дана Нұржігіт.

Өзгеермен бірге қайырымдылыққа белсене араласқан тележүргізуші желі арқылы коронавирус хақында ақпараттық хабар таратып жүр. Өзі де аталған аурумен ауырып, енді бас көтергенін айтады.

«Парақшамда жаңа вирус жөнінде дәрігерлермен, ғалымдармен тікелей эфирге шығып, ағартушылық хабарлар жасап жүрмін. Фэйк ақпараттар жөнінде Factchek.kz сайтының бас редакторымен сұхбат болды. Соның арасынша, өзім де осы індетке шалдығып, отбасыммен ауырып тұрдық. Қазір қайтадан майдан сапындамын. Әдетте «жақсылық жасасаң, ұмыт!» деуші еді… Бірақ, сіздер іздеп, сауал жолдап жатыр екенсіздер — жауап міне, осындай! Қазіргі жағдайды елмен бірге көтеріп жатқан жайым бар. 
Саулығыңызды тілеймін!», — деп жазды.

 Stan.kz

[:]