АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Данэлия Тулешова America’s Got Talent шоуының финалына өтті[:]

[:kz]

 

 

Қазақстандық жас орындаушы Данэлия Тулешова танымал America’s Got Talent телешоуының финалына өтті, деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды .

Данэлия шоудың жартылай финалында ерекше аранжировкада Jessie J-дің — «Who you are» әнін орындады. Телешоудың әділқазыларының бірі, актер Хоуи Мэнделл қазақстандықтың өнерін бағалай отырып, Данэлияның керемет таланты мен сахна сезімі бар екенін және оның әр қойылымын нағыз жұлдыздың концертімен салыстыруға болатынын атап өтті.

 

«Қазақстанның жас әншісі бір тәулік ішінде АҚШ-та өткен көрермендердің дауыс беру нәтижелері бойынша фавориттер қатарында болып, танымал әлемдік шоудың финалында өнер көрсетуге мүмкіндік алды», — деді Данэлияның PR-директоры Татьяна Синенко.

«Мені осы уақытқа дейін қолдағандардың барлығына рақмет. Апта шешуші болады, көп жұмыс істеу керек, мен тырысамын», — деп өз әсерімен бөлісті Данэлия.

Финалға өту үшін дауыс беруге қатысқан үш қатысушы болды, бірі — Данелия, ал қалған екеуі «Golden buzzer» (қазылар алқасының арнайы қолдауы) иегері. Дегенмен, көрермендер қазақстандық әншіні қолдады.

Айта кетейік, America’s Got Talent 15 маусымының финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

Данэлия Тулешова Украинаның «Балалар дауысы» шоуының төртінші маусымына қатысқаннан кейін үлкен танымалдылыққа ие болды. Қазақстандық әнші бұл байқауда жеңімпаз болды.

2015 жылы Данэлия «Балалардың жаңа толқыны» байқауында Қазақстан атынан қатысып, «Көрермендер таңдауы» сыйлығын жеңіп алды. Сондай-ақ, ол «Junior Eurovision — 2018» ән байқауында ел намысын қорғап, онда ол 6 орын алды.

[:]