АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дариға Назарбаева. Енді қайтеді? (Сауалнама)[:]

[:kz]

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен, Сенат спикері Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды.

Саяси мансабында 10 жылға жуық Парламенттің түрлі креслоларында отырған Дариға Нұрсұлтанқызының қандай қызметке ауысатыны немесе қазіргі қызметін қайта жалғастарытыны туралы ресми ақпарат айтылған жоқ, -деп хабарлайды Turkistan.Today тілшісі  Newsroom+ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Десе де, Президенттің бүгінгі  Жарлығы мен өкілеттігі тоқтатылған Дариға Назарбаева елшілік талқының басты тақырыбына айналды. Шынтуайтына келгенде, Назарбаеваның өкілеттігінің тоқтатылуы көп күтпеген жаңалық болғандай. Қоғамның, ел-халықтың пікірі әртүрлі. Бірі – дәу үйдегі дәу апа Үкіметке ауысады десе, енді біреулері биліктегі Бас партияға төрағалық жасауы мүмкін, дейді. Ал үшіншілері – саясатта 20 жылдай жүрген Дариға Назарбаеваның саяси карьерасы осымен аяқталды, деп болжап жатыр.

Осы ретте біз Abai.kz оқырмандарына ортақ сауал қойып, ой-талқы жасағанды жөн көрдік.

Сауалнама. Дариға Назарбаева енді қайда ауысуы мүмкін?

1) «Нұр Отан» партиясына барады,

2) Елші боп кетуі мүмкін,

3) Тұңғыш Президент Қорына қайта барады,

4) Саяси карьерасы аяқталды. Бизнеске кетеді,

5) Сіздің жауап нұсқаңыз…

Дереккөз: Abai.kz

[:]