АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА: ТРОЛЬДАР МЕН ФЕЙКТЕР АҚПАРАТТЫҚ СОҒЫС ТУДЫРЫП ОТЫР[:]

[:kz]

 

 

 

 

Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық медиа форум барысында ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бүгінгі журналистика келбеті туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазір блогерлер дәстүрлі журналистика өкілдеріне қарағанда танымал болып жатқанын айтты.

«Ашық интернет алаңы тек қана талантты журналистерге ғана есік ашқан жоқ. Сонымен қатар, ақпараттық соғыстың көзге көрінбейтін сарбаздарына да жол ашты. Фейктермен трольдер  жалған ақпарат шығарып, қоғамдық пікірге ықпал ете бастады. Олардың қасында таблоидтер абыройлы болып отыр. Ғаламтордың қарқынды дамуы, әлеуметтік желілердің өмірдің ажырамас бөлігіне айналғаны әлемді түбегейлі өзгертті. Девайстар мен гаджеттер қолжетімді. Бұл кез-келген адамның медипроцеске қатысуына кепілдік беріп отыр. Блогерлер мен желілік авторлар беделді журналистермен бәсекеге түсіп жатыр. Соның кесірінен ірі басылымдар тираж жоғалтуда», — деді ол.

Оның айтуынша, тіпті телеарналар да бәсекеге қабілеттілігін жоғалтып алмауы үшін жаңа форматқа көшуі керек.

«Кез келген смартфоны бар адам репортаж, деректі фильм түсіре алады. 2005 жылы пайда болған Youtube видеохостингі миллиондаған аудиторияны жинайтын авторлардың алып студиясы болып отыр», — деді Назарбаева.

turkystan.kz

 

[:]