[:kz]
Дариға Назарбаева ұлы Айсұлтан Назарбаевтың қазасы туралы айтты.
Дариға Назарбаеваның сөздері Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Facebook парақшасында жарияланды.
«Біздің отбасымыз сүйікті Айсұлтанымыздың дүниеден озғанына байланысты сарыла қайғыруда. Осы қаралы кезеңде халайық бұл орны толмас қазаға қатысты түсіністігі мен әдептілігін танытады деп сенеміз» делінген постта.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Айсұлтан Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы белгілі болды . Ол 16 тамызға қараған түні Лондонда қайтыс болды деп хабарланған.
[:]