[:kz]
Күнде түскі астан соң ішетін дәрім кеше жұмыста қалып қапты. Ұлым «Дәріңді іштің бе?» деп сұрағанда, жұмысқа барған соң ішем дедім. Ал кабинетке кіріп, сырт киімімді шешіп жатсам, қалтамда хат тұр. Ашып оқысам, ұлым «ДӘРІҢДІ ІШУДІ ҰМҰТПА» деп жазып қойыпты. Жүрек елжіреп, ана жерде жылағым кеп кеткенін несіне жасырайын
Гулнұр Куанышбекқызы
Фейсбук паракшасынан алынды
[:]