АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Дәурен Айдарқұлов: Жауабын күтіп жүрмін, мен үйленуге дайынмын[:]

[:kz]

 

Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленуге дайын. Әзілкеш әлдекімнің жауабын күтіп жүргенін айтты. Алайда нақты шешімін жария еткен жоқ. Одан бөлек бұрынғы некесінің бұзылуына өзін ғана кіналайды. 

Бұл туралы Айдарқұлов желідегі тікелей эфир уақытында айтты. Әзілкеш оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Олардың бірі үйлену туралы жоспарын сұрады. 

 

Айдарқұловтың айтуынша, ол дәл қазір үшінші рет үйленуге дайын. 

“Мен әрқашан дайынмын. Жауабын күтіп жүрмін. Мен дайынмын”, – деді ол. 

Алайда кім жайлы айтып тұрғанын ашып айтпады. Әзілкеш сондай-ақ бес жылдан кейін өзін қалай елестететінін айттты.

“Бес жылдан кейін қоғам қайраткері ретінде өзімді елестетемін”, – деді актер. 

Желі қолданушысының бірі Ақбота Сейтмағамбет екеуінің мүлде жараспайтынын атады. 


  •  

 

“Екі некемнің де бұзылғанына әйелдерім кінәлі емес. Бәріне өзім кінәлімін. Мен дұрыс болмадым. Сондықтан некем бұзылды”, – деп жауап берді.

Желі қолданушылары әзілкештен қалыңдығы жайлы сұрап, сұрақ астына алды. 

“Үйленейін деп жатырсыз ба?”, “Кіммен кездесіп жүрсіз?”, “Ол енді шоу-бизнестен емес шығар”, “Үйленуге асығыстық емес пе?”, “Үшінші рет те қателесіп жүрмеңіз”, “Балаларыңызды ойламайсыз ба?”, – деп жазды олар. 

[:]