АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Демек көп ойлайсыз…»: отандық танымал әнші Димашты түсінде жиі көріп жүр (ФОТО)[:]

[:kz]

Отандық әнші Маржан Арапбаева Димашқа ерекше пікір қалдырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Instagram-парақшасына Градиент қосымшасы арқылы жасалған суретін жүктеген Димаш Құдайбергенге алғашқылардың бірі болып өнердегі апайы ерекше пікір қалдырып, жұртты күлкіге қарқ қылды.

«Димаш, сәлем! Сені түсімде жиi көремін! Жақсы түс! Алла қаласа өсе бер,біз сенімен мақтанамыз!», — деп жазған Арапбаева.

Отандық әншінің пікірін көзі шалған желі қолданушылары оны Вангаға теңеп, Маржанның түсіне кіруге кезекке тұруда.

«Маржан, мені де көріңізші түсіңізде, өтінемін, менде өскім келіп жатыр», «Ванга, коронавирус қашан кетеді?», «кірмеші жиі түсіме», «танымал емес кезінде кірмеген шығар иә түсіңізге?», «түс көре береді екенсіз жиі, әсіресе Димашты», «ай, күлкімді келтірді, жекесіне жазса болатын еді ғой», «түсіңде Дариға Президент болып жатқанын көрмейсің бе осы?», «Димашты жиі түсіңізде көрсеңіз, демек Димашты көп ойлайсыз. Кімді немесе нені жиі ойлай берсеңіз, сол түсіңізге кіре береді», — деп әзілге айналдырды олар.

[:]