[:kz]
Келіншектің жалынып-жалбарынғанына қарамастан, бір жасар баланың көзінше оны аяусыз ұрып, басына, бет-жүзіне ауыр жарақаттар салған.
Түркістан облысында бір жасар баласының көзінше бұрынғы әйелін өлімші етіп сабаған ер адам елді шошытты. Бұл оқиға туралы «Немолчи» ұйымы баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Оқиға 15 мамыр күні Леңгір қаласында болған. Ерлі-зайыптылар ажырасып кеткендіктен, заң бойынша әкесі аптасына екі рет ұлымен кездесуі тиіс.
Сондай кездесулердің бірінде ер азамат бұрынғы әйелін балағаттап, көліктің есігін кілттеп, қорлай бастаған. Келіншектің жалынып-жалбарынғанына қарамастан, бір жасар баланың көзінше оны аяусыз ұрып, басына, бет-жүзіне ауыр жарақаттар салған.
Одан бөлек, келіншекті тістеп, саябақ ішінде шашынан сүйрелеген. Баласының көзінше анасын аяусыз ұрған азаматтың ісіне қатысты полиция әлі де жауап қатқан жоқ.
«Немолчи» қоры Есінен танып қалған келіншекке көшедегі адамдар жедел-жәрдем шақырады. Дәрігерлер оның бас миы шайқалғанын және түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алғанын растады. Келіншектің туыстарының айтуынша, бұрынғы күйеуі бірнеше рет пышақ сұқпақ болып, жиі таяқ астына алатындықтан, олар ажырасып кеткен.
Бірақ заң бойынша ол баласын көру үшін аптасына екі реттен кездесіп отырған. Туыстары агрессияға бейім азамат адам шошырлық әрекеттерге баратыны үшін келіншектің өміріне алаңдап отыр.
Олардың айтуынша, бұған дейін де әйелі бірнеше рет жарақат алған. Қазіргі таңда жәбірленуші ауруханада жатыр.
[:]