АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Денис Теннің өліміне кінәлі сотталушылардың бірі бостандыққа шықты [:]

[:kz]

 

Отандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша қылмыстық іске қатысы бар сотталушы Жанар Толыбаева бостандыққа шықты. Оның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.

Бұл туралы Қазақстан Жоғарғы Сотының аппараты Tengrinews.kz-ке берген жауабында айтқан. Сотталушы Жанар Толыбаева қаңтарда Қылмыстық кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш берген. Алматы облысы Іле аудандық сотының 6 қаңтардағы қаулысы бойынша бұл өтініш қанағаттандырылған. Жазаны өтеуді бақылау процесі пробация қызметіне жүктелген. Айта кетейік, Денис Теннің өлімі бойынша Арман Құдайбергеновке «Алдын ала келісіп ұрлық жасау», «Алдын ала келісіп жасалған қарақшылық» , «Алдын ала келісіп жасалған адам өлтіру» баптары бойынша айып тағылған болатын.

Нұралы Қиясов болса ұрлықтан басқа, жоғарыда келтірілген барлық бап бойынша кінәлі деп танылды. Екеуі де 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Танымал спортшының өлімі бойынша қылмыстық істе үшінші күдікті болған Жанар Толыбаева «Қылмысты жасырып қалу» бабы бойынша айыпталды.

Ол 2019 жылдың наурыз айында баласын босануына байланысты орташа қауіпсіздік колониясынан ең төменгі қауіпсіздік колониясына ауыстырылған еді. Шілдеде Қазақстан Жоғарғы сотының кассациялық алқасы Жанар Толыбаеваны колонияға қайтаруды және Алматы сотының бала тууына байланысты колония-қоныста мерзімін өтейтіні туралы шешімінің күшін жоюды талап етті. Осылайша, Толыбаева жазасын өтеп жатқан колонияға оралды.

kaz.nur.kz

[:]