АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Денсаулық сақтау министрі QazVac вакцинасын салдырды[:]

[:kz]

 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCOVID-in (QazVac) вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Қазақстанда азаматтарға Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының базасында жасалған QazVac вакцинасын салу басталды.

Министр алғашқылардың бірі болып вакцинаны тікелей эфирде салдырды. Трансляция денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында өтті.

Алексей Цой Нұр-Сұлтандағы №9 қалалық емханада екпе алды.

Айта кетейік, қазақстандық вакцина 21 күндік аралықпен екі рет егіледі. 

Бұған дейін өңірлерге коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының 50 мың дозасына арналған алғашқы партиясы жөнелтілді.

[:]