АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Депутат Жанболат Мамайға: Ей, Жанболат! Өзге елдің елшіліктерін жағалап, еліңді сатып жүрсің![:]

[:kz]

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Жанболат Мамайды соттан жалтармауға шақырды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Жақында Бауыржан Байбек пен Жанболат Мамай арасындағы істің тыңдалымы өткен болатын. Алайда белсенді Мамай сот күнін ауыстыруға немесе соттың болмауына себеп іздеп жүргендей.

Бұдан бөлек депутат Жанболат Мамайды дәлелдерді белсенді түрде іздеуге шақырды.

«Бұл күнде хайп қуған даңғойлар көбейді. Сондайлардың бірі – Жанболат. Қазір Бауыржан Байбекпен соттасумен қатар тағыда бірқатар азаматтардың жағасына жармастың. Бұл өзіңнің ұтылатыныңды біліп, алдын ала жасаған кезекті байбалаңың екені анық. Түп мақсатың — қайтсе де халықтың көңілін сот процесінен аудару. Мен Бауыржан Байбекпен емес, жалпы коррупциямен күресіп жүрмін деп өзіңді әділдік іздеген әулие етіп көрсетуге тырысып жүрсің. Ол ол ма, сот процесінің өзінде де әңгімені басқа арнаға бұрып, сот сұрағына жауап бере алмай састың. Тіпті, болмағанда қасиетті тілімізге жармастың…» — дейді депутат.

«Адырна» ұлттық порталы

[:]