[:kz]
Инстаграм әлеуметтік желісінде біздің депутаттардың Парламент отырысында немен айналысатыны туралы видео жарияланды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы дереккөзге сілтеме жасап.
Желіге жүктелген видеода әлдебір депутаттың планшеттен «Хайуанаттар әлемінде» бағдарламасын көріп отырғаны байқалады. Енді бірі «жасырын камераның» қызықтарын қызықтаса, келесі бірі қиял-ғажайып әлемінің құшағына еніп кеткендей екен. Бейнежазбаны көрген оқырмандар бірден дүрсе қоя берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Бұлар халықтың қамын ойлап жүр деп ойлаған біз ақымақ», «Жұмыс істеп отыр, мазаламаңдар», «Халықты ойлап жүр ме десем, охотаға дайындалып жүр екен ғой» деп жазуда. Ал енді бірі «ұйықтап қалмас үшін сондай видеолар көріп отырған ғой» деп «түсіністік танытыпты». Жазылған пікірлердің ішінде еріксіз күлкі шақырғаны:
eroxa_kz_dankoi: «Они ради этого же избирались. Лоси. Изучают своих предков» және namazbaev.nn: «Өздерін көрема сонда» деген желі қолданушылардың пікірлері екен.
[:]