АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Диана Шарапова мен Роман Миронов «Голос Украины» жобасына өздері дайындаған Ерлан Байбазаровты сотқа бермекші

[:kz]

Диана Шарапова пен продюсер Роман Миронов КТК арнасының бағдарламасында «Голос Украины» жобасына өздері дайындап қатыстырған Ерлан Байбазаровтан қазір қарыздарын ала-алмай жүргендерін айтты. 

«Ерланмен 4-5 жыл аралығында серіктес боп келдік. «Виа Негры» тобына Диананың орнына келген. Ол кезде караокеде жұмыс істеп жүрген.  «Виа Негры» тобында жұмыс істеп жүрді, барлығын үйреттік. Диана вокалдан көп әншілерге бағыт-бағдар беріп, көмектесті. Олардың ішінде Ақылбек Жеменей, Лидо, Абай Бегей әнді жақсы айтып шығуға көмек керек деп келетін»,-дейді продюсер Роман Миронов. 

«Диана Ерланға сен домбыра тартасың, талабың жаман емес, сені үйретейік» деген болатын. Диананың уақыты болмағандықтан,  келетін клиенттердің жартысын Ерланға берді. Солай мектебіміз жақсы қарқынмен жұмыс істеп тұрды. Бес жылдың ішінде Диананың бар білетінін, методикасын, өзін-өзі көрсетуді, клиентпен жұмыс істеу, баламен және профессоналмен қалай жұмыс істеу керек екенін үйренді»,-дейді продюсер. 

«Ерланды «Голос Украины» жобасына қатыстыру менің шешімім болды. Барлық шығынды өзім төлеймін, демеуші боламын, жүр, қатысайық десе, кім келіспесін,- дейді Роман Миронов.

«Мен оны тыңдалымға бастан-аяқ дайындап шықтым. Интернетке біздің дайындығымыздың видеосын салдық, онда тек эмоциялық жақтарды ғана түзеп жатырмын. Ал негізі оны әнге, тыңдалымға дайындау толық менің идеям, еңбегім. Домбырамен шығу, айтқан әнін де мен таңдадым. Әділқазылар орындарынан бұрылғанда не істеу керектігіне дейін үйреттім»,-дейді Диана Шарапова. 

Айтуларынша, ақырында Ерлан өзі жеке жұмыс істеуді шешті. Қайтып оралғанда бірден «Сендермен жұмыс істегім келмейді» деп айтты. «Менің проблемаларым, басқа жұмыстарым көп. Отбасыма көңіл бөлуім керек» деп айтқан.

«Ол барлық қолдауды қаржылық, шығармашылық та көмекті алып, аяқ-асты сендермен жұмыс істемеймін деп айтты». Өзіме кеткен 700 000 теңге шығынды қолма-қол немесе тапқан табысымнан қайтарып беруге дайынмын деп айтты. Жарайды, дедім. Бер десем, қазір ақшам жоқ, қашан болады сол кезде міндетті түрде беремін. Ал қазір қайдан тауып беремін?»,-деп жауап береді»,-дейді продюсер.

«Шамамен 3 миллиондай кетті. Егер сіз адамға ақша салсаңыз оны сол ақшаны қайтаруға мәжбүрлей алмайсыз. Шарт негізінде ақшаны қайтару керек екенін дәлелдеу керек болады. 

Бұл ақшаны тек сот арқылы ғана қайта қайтарып ала аламыз, себебі барлық төлемақы менің картамнан жасалды, тек арада келісімшарт болмағаны ғана болмаса, бізде барлық айғақтар, мәліметтер бар»,-дейді продюсер.

«Мен онымен сөйлескенде «Онда сені не үшін апардық, не үшін сонша шығындалдық» деп сұрадым. Шоу-бизнесте уәдеде тұру деген ұғым бар. Былайша айтқан ол бізді сатып кетті»,-дейді Диана Шарапова.

[:]