[:kz]
Болат Әбілов «Қазақстан» қонақ үйінде өткен жиында Қайрат Сатыбалдының Дикий Арманды оппозицияға қарсы қалай пайдаланғаны жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді деп хабарлайды kznews.kz.
– 2005 жылы 2 мамыр күні парламент сайлауының қарсаңында Шымкентте бас қостық. Екі-үш күн бұрын Қайрат Сатыбалды Шымкентке келіп, Дикий Арманмен сөйлесті. «Сені түрмеден шығарамыз. Ертең оппозицияны «қарсы алып, шығарып» саласың. Біз сені босатамыз, – деп уәде берген.
Сөйтіп, адам өлтіріп, түрмеде отырған Дикий Арманды шығарып алған. Ол бір әйелді атып тастағаны үшін қамалған еді.
[:]