[:kz]
Заңгер Айгүл Орынбек депутат Қайрат Құдайбергеннің Дубайда кіммен кездескенін тексеруді талап етті.
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Депутатты жауап алуға ҰҚК мен Бас Прокуратура шақырыпты!
Дубайда кіммен кездескенін де тергеп тексеріңіздер!
“Дикий Арман” да Алматыдағы төңкеріске сол жақтан ұшып келген!
Дирижерлары Дубайда отыруы әбден мүмкін!
Айтпақшы бұның да үстінде “қызыл куртка” болған сол күні.
Полицейлер неге ұстап алып азаптап үтік баспаған? Ой ұмытып кете берем бізде азапты тек қара халық көреді екен ғой!», — деп жазды Айгүл Орынбек.
Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Орынбек осыдан біраз уақыт бұрын Қайрат Құдайберген мен Дикий Арманды «халифат құрмақ болды» деп айыптаған болатын.
[:]