[:kz]
Бақтияр Артаев ҚР Бокс федерациясының вице-президенттігінен және мемлекеттік жаттықтырушы қызметінен кетті деп хабарлады turkystan.kz.
«Қызметтен кетіп жатқанымды растаймын. Бірақ себебі туралы әзірге ештеңе айта алмаймын», – деді спорт менеджері ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев соңғы бір жарым жыл Қазақстан бокс құрамасының мемлекеттік жаттықтырушысы қызметін атқарып келді.
[:]