[:kz]
Ақтауда UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедов үшін полицейді итеріп жіберген адамның есімі белгілі болды, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы.
«Халық үні» басылымының хабарлауынша, ол Атырау облыстық самбо федерациясының президенті Арман Тоғаев болып шықты.
Арман – Атыраудың тумасы. Ол бұрын екі мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Арман Тоғаев Арман Жұмагелдиевтің («Дикий Арман») Батыс Қазақстандағы «оң қолы» саналады. «Екеуінің басын біріктіріп тұрған сәләфизм идеологиясы», – деген дерек бар.
Ақтау қаласында арасында Хабиб Нурмагомедов бар бас мүфти бастаған кіші қажылық жасаушы топты Арман Тоғаев қарсы алғанда ол полицейді итеріп жіберген еді. Осы оқиға әлеуметтік желіде таралғанда жергілікті адамдардың тәртіп сақшысын Путинді қолдайтын ресейлік азамат үшін итеріп жібергені сынға ұшыраған болатын.
«Адырна» ұлттық порталы
[:]