АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Димаш Иван Ургантқа шапан жапты (видео)[:]

[:kz]

Әнші Димаш Құдайберген танымал ресейлік «Вечерний Ургант» шоуының қонағы болды. Димаштың қатысуымен болған шығарылым эфирге 31 қазан күні шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

"Вечерний Ургант" бағдарламасынан кадр

«Вечерний Ургант» бағдарламасынан кадр

Белгілі бағдарламада Димашпен бірге мәнерлеп сырағанаушы Аделина Сотникова мен композитор Игорь Крутой да Иван Ургантта қонақта болды.

Маэстро кешкі шоуға келе жатқан мерейлі кеші жайлы айту үшін келген. Алайда барлық назар Димашта болған. Студия көрермендері әншіні қол соғып қарсы алды. Барлық жерден оның плакат ұстаған жанкүйерлері көрінді.

Иван Ургант осы орайды әзілдеп:

«Игорь Яковлевич, сіздің үлкен кешіңіз өтеді, барлығы «Димаш» деп айқай салуда… Сіз оны өзіңізбен бірге шақырғаныңызға өкінбейсіз бе?», — деп Игор Крутойға қарады.

Бұған маэстро: «Енді, Димаш — керемет қой», — деп жауап қатты.

Тележүргізуші осындай қонақтарды өз студиясында көруге қуанышты екенін атап өтті.

Сұхбат барысында Димаш Құдайберген Иван Ургантқа қазақтың шапанын жапты.

«Бізде сыйлы адамдарға шапан жабады. Осы сәтті пайдаланғым келеді», — деді әнші .

Шапанды киген Ургант Қазақстанға танымал актер Николас Кейдж келген кезде шапанға оранғанын еске түсірді. Сол кезде шапан киген актердің суреті желіге тарап кеткен еді.

«Мұндай киім тек менде және Николас Кейдждебар», — деп әзілдеді осы орайда тележүргізуші.

Сонымен қатар, Иван Ургант қонақтармен бірге алдағы шоуды талқылады.

 
 
 

[:]