АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Димаш Құдайберген Дубайда науқас баланың арманын орындады[:]

[:kz]

Димаш Құдайберген өзімен кездескісі келетін ерекше баланың арманын орындады. Ол Дулат есімді 7 жасар бүлдіршінмен Дубайда кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесуді «Менің арманым» корпоративтік қоры ұйымдастырған. Қор өкілі Шолпан Арнауттың айтуынша, олардың басты мақсаты — ауыр дертке шалдыққан балалардың арманын орындау. 1,5 жылдан бері жұмыс істеп келетін қор Дубайда 100-ші баланың қалауын орындады. Әсерлі сәттің видеосын Димаш Құдайберген желідегі парақшасында жариялады.

«25 Наурызда Дубайдағы концерттен кейін мен жаңа досым Дулатпен таныстым. Бұл бала маған ең бастысы — өмірді сүюді, адамдарды жақсы көруді және бақытпен бөлісуді үйретті. Дулат бәрін қорғағысы келетін періште сияқты. Ол бәріне сүйіспеншілік танытып, ризашылық білдіп құшақтай берді. Мені осындай ерекше балапанмен таныстырғаны үшін «Менің арманым» жобасының ұйымдастырушыларына рахмет»,-  деп жазды Димаш.

Қор өкілінің айтуынша, Дулат Димашты өз досындай жақсы көреді. Ол Дубайда өткізген екі күні өзін ерекше бақытты сезінген. Ұйымдастырушылар 25 наурыз күні Димаштың концерті болатынын естіп, арнайы Дубайға ұшып келген. Кездесуге Димаштың анасы мен бауырлары, сондай-ақ, актер Артур Төлепов қатысты.

Көпшілік Димаштың әрекетіне риза болып, оған жылы тілектерін арнады. 

 
 

[:]